Статьи

Инклюзивті білім берудегі технологиялық шешімдердің түрлері, құралдары мен сипаттамаларына жүйелі шолу

Маханова А.С · makhanova.a@qyzpu.edu.kz
Бөлім

Аңдатпа

Инклюзивті білім беруде қолданылатын технологиялар қатарына  ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың білім алуға, оқуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін  цифрлық құралдар мен арнайы мамандандырылған құрылғылар жатады. Бұл технологияларды түсіну оқыту әдістерін жекешелендіруге, ерекше білім беруді қажет ететін білім алу қатысуын шектейтін кедергілерді жоюға және барлық білім алушыға қолжетімді білім беру ортасын жетілдіруге мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың  оқу процесіне толық қатысуды қамтамасыз ететін тәжірибелер мен технологияларды, цифрлық шешімдерді анықтауға және талдауға арналған. Жүйелі шолу нәтижелерін ұсынуда PRISMA нұсқаулары басшылыққа алынды. Зерттеу сұрақтарына сәйкес 126 зерттеу жұмысы қарастырылды. Scopus деректер қорынан цифрлық технологияларға, инклюзивті білім беру, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға қатысты кілт сөздердің үш блогынан тұратын зерттеу жұмыстары пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері білім беруде қолданылатын цифрлық технологиялары білім алушылардың әртүрлі қажеттіліктеріне сәйкес бейімделу арқылы оқу ортасын инклюзивті және қолжетімді ортаға айналдыратынын көрсетеді. Мобильді құрылғылар, интерактивті қосымшалар және толықтырылған шындық құралдары ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға әртүрлі контекстегі кедергілерді жоюға көмектеседі, жекешелендірілген оқуды жеңілдетеді. Цифрлық технологиялар сыни дағдыларды дамытуға ықпал етеді және білім алушылар арасындағы арасындағы ынтымақтастықты ынталандырады, академиялық дайындығы мен әлеуметтік интеграциясын байытады. Инклюзивті білім берудегі түрлі технологиялық шешімдер әр түрлі білім беру жүйесінде әрбір білім алушының әлеуетін арттыруға бағытталады. 

Бөлім

Кілт сөздер

инклюзивті білім беру, қолжетімділік, цифрлық құралдар, технологиялық шешім, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар, жасанды интеллект, мобильді қосымшалар

Бөлім

Толық мәтін:

Толық мәтін:

Бөлім

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Инклюзивті білім берудегі технологиялық шешімдердің түрлері, құралдары мен сипаттамаларына жүйелі шолу